Балалардың жазғы демалысы лагері

Балалардың жазғы демалысын пайдалы, сонымен қатар тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 14 маусым күні 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының оқу залында Абылай хан атындағы орта мектептің жанындағы лагерінде дем алып жатқан балалар үшін «Кітап әлемінде» атты саяхат ойыны өткізілді. Кітапханашы С.Азизова іс – шара барысында әртүрлі әдеби сұрақ-жауап ойындары арқылы балалар білімдерін шыңдап, сонымен бірге өздерінің жатқа білетін ертегілерін оқыды. Іс-шараның соңында жүргізуші балаларды кітапхананың қорына соңғы жылдары түскен жаңа балалар әдебиетімен таныстырды.

Реклама