Жыл оқырманы — 2016 оқырман бенефисі

23 қаңтар күні аудандық кітапхананың оқу залында «Жыл оқырманы 2016» атты оқырман бенефисі өтті. Шараға кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты. Оның ішінде Ли Клавдия Сергеевна өте көп кітап оқып көзге түсті. Ол 2012 жылдан бері кітапхананың үздік оқырманы. Клавдия Сергеевнаның оқыған кітаптарынан «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға басқа да тұрақты кітапхана оқырмандары Е.Тастанбеков, И.Туранин, А.Насыбулина, А.Найманбаева, Ш.Құсайынұлы, Л.Черная, О.Асмұратов қатысты. Шара өте қызықты өтті . Бенефиске қатысушылар кітапхана атынан сыйлықтарға ие болды.

Реклама