«Конституция-еліміздің басты құжаты» атты дөңгелек үстел

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында бүгін Есік археологиялық өлкетану музейі мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Конституция күніне орай «Конституция-еліміздің басты құжаты» атты дөңгелек үстел өтті. Музей директоры Тойжанова Нарима Конституция мерекесімен құттықтап, көкейінде жүрген сұрақтарымен бөлісті. Ауданымыздың атақты ақын-жазушысы Құсайынов Шаяхмет аға да өзінің жазған қылмыстық детективтерін әңгімеледі. Нұр Отан партиясынан келген Әлішев Нұрғиса да өз ойын ортаға салды.

Реклама