«Көптен күткен бейбіт күн»

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай 5 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында «Көптен күткен бейбіт күн» атты әңгіме сағаты мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты: оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.
Кітапханашы Г.Жандосова Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беріп, Жеңіс күніне арналған іс-шараға қатысып отырған барша оқырмандарға Ұлы Отан соғысында жеңіске жету жолында қазақ халқы да өзінің үлесін қосқанын, фашистермен күресе жүріп қаншама адамдардың қаза тапқаны жөнінде баяндап, жауынгерлер жасаған ерліктерін мәнгілік есте сақтауымыз керектігін айтып өтті.

 

 

Реклама