«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында 4 қазан күні «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне ауданымыздың белгілі зейнеткерлері: Ә.А.Талкамбаев, А.А. Найманбекова, Ж.Н. Бокаев, ақын-жазушы Ш.Құсайынов т.б. болды. Қонақтар өсіп келе жатқан жасөспірімдерге көрген білгендерін айтып, болашаққа бағыт-бағдар берді. Оқырмандар дайындап келген өлеңдерін жатқа оқып, ән шырқады.

Реклама