«Латын әліпбиі – әлемдік ғылыми кеңістік» — дөңгелек үстел

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 2019 жылдың 20 ақпанында «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей –интернатында «Латын әліпбиі – әлемдік ғылыми кеңістік» тақырыбында тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға ауданымыздың белгілі ақын, жазушысы, ҚР Жазушылар Одағының құрметті журналисі Ш. Құсайынұлы , Абылайхан орта мектебінің кітапхана қызметкері бастаған 9-10 сын оқущылары, осы лицейдің 9 сынып оқушылары, тәрбие ісінің меңгрушісі, тәрбиешілер тб мұғалімдер барлығы 24 адам қатысты.
Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында Ш. Құсайынұлы, латын әліпбиі, иә, бұл мәселе көптен көтерілген еді. Содан бері санамызда «ерте ме, кеш пе, еліміз латын әліпбиіне көшеді, соған дайындала беруіміз керек» деген салмақты ой сақталып келді. Бұл жазу — елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш деп білемін. Латын әліпбиі бұрын тарихымызда 10 жылдай уақыт салтанат құрды. Сол кезде біз көптеген елге, жерге танылдық. Ал қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз. Себебі латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни, болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет деді сөзінде
Іс-шара барысында мұғалімдер латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажеттіліктер туралы өз пікірлерін ортаға салды.
Шара барысында «Латын әліпбиі –ертең үшін» тақырыбында слайд көрсетіліп, «Латын әліпбиі — өркениет жолы» атты кітап көрмесіне библиофреш жасалды.

На данном изображении может находиться: 5 человек, в том числе Гулия Саурыкова, люди сидят и в помещении

Реклама