Мұқағали әлемі — тазалық әлемі

«Мұқағали әлемі — тазалық әлемі» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған поэзия марафоны 9 ақпан күні аудандық кітапхананың оқу залында өтті. Қатысқандар: Абылай хан атындағы орта мектептің 4-5 сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар ауыл кітапханашылары. 5Іс-шараны жүргізген кітапханашы Г.Саурықова оқырмандарға қазақ халқының біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстырып, ақын өлеңдерінің тақырыбы мен идеясы, мазмұны туралы түсінік беріп, сөз кезегін кітапхана әдіскері Г. Жандосоваға берді. Әдіскер ақынның аңызға айналған шығармашылығына тоқтала келіп, бұл кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз оқушыларды мәнерлеп оқу дағдыларын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру.6

Реклама