«Рухани жаңғыру: Тәуелсіздік және Елбасы» атты хронологиялық дайджест

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында «Рухани жаңғыру: Тәуелсіздік және Елбасы» атты хронологиялық дайджест өтті. Іс-шараға Республикаға белгілі ақын-жазушы Ш.Құсайвнұлы. Аудандық әйелдер қоғамының төрайымы Р.Омарқызы, Қалалаық Әкімшіліктен Жалпы бөлім бастығы А.Болатқызы, Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен бас маман Б. Ақтайқызы, Есік «Білім-Инновация» лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі және оқушылары, Абылайхан мектебінің оқушылары, №1 Рахат ауылдық округының мектебінің оқушылары қатысып, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына және Елбасының Халыққа Жолдауына кеңінен тоқталып өтті. Іс-шара барысында «Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы» атты слайд көрсетілді.

Реклама