«Универсиада — 2017» атты қызықты хабарлама сағаты

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының оқу залында «Универсиада — 2017» атты қызықты хабарлама сағаты өтті. Кітапханашы қысқаша мәлімет айтып, келген оқырмандарға Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (ағылш. International University Sports Federation (FISU)) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналатынын түсіндірді.

Реклама