ХХ ғасырдың ұлы жаршысы — Әлихан Бөкейханов

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткері қатарындағы аса ерекше тұлға, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, білікті саясаткер, білімді әдебиеттанушы, кәсіби геолог және тұңғыш энциклопедист Әлихан Бөкейхановтың туған күніне орай аудандық кітапхананың оқу залында «ХХ ғасырдың ұлы жаршысы — Әлихан Бөкейханов» атты тарихи портрет өткізілді. Әлихан Бөкейхановтың өмірі, шығармашылық жолы, ойшыл ірі тұлғаның жеткен биіктігі, шеберлігі, ерекшелігі жайында кітапханаға жиналған колледж студенттеріне кітапханашы Г.Жандосова жеткізді.

Реклама