Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі

Биыл 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толып отыр. Осыған орай 8-сәуір күні аудандық кітапхананың кітапханашысы А.Бөгенебаева «Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі» атты әдеби-тарихи калейдоскопты колледж студенттерінің қатысуымен өткізді. Кітапханашы өз сөзінде 1916 жылғы Ұлт-азаттық  көтеріліс себептері мен басталуы, көтерілістің ірі орталықтары, көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңыздылығына толық тоқталып өтіп, шараны библиографиялық шолумен аяқтады.

Реклама