Мәдениет – тәрбие кепілі

Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай 21 мамыр күні Абылайхан атындағы №4 орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен «Мәдениет – тәрбие кепілі» атты азаматтық форумы өтті. Іс-шараның мақсаты, мәдениет туралы мәлімет беру. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың рухани байлығын, мәдениетін көтеру, сауатын ашу, қоғамға деген сауатты көз қарасын қалыптастыру. Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кітапхананың әдіскері Г. Сауырыкова мен кітапхана қызметкерлері Р.Курбанова, М.Шәкім мәдениетті жүріп тұруға, сауатты сөйлеуге, мәдениетті қарым – қатынас жасай білуге, қоршаған ортаны таза ұстауға, ана тілін құрметтеуге насихат жүргізді.

Реклама