«Неге маған жырламасқа , Сырда туған елімді» — Тәжібаев оқулары

На данном изображении может находиться: 5 человек, люди сидят и в помещении

әдебиетінің алып бәйтерегі, қазақ поэзиясының көрнекті шебері, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Ә.Тәжібаевтың 110 жасқа толуына орай Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы 2019 жылы 15 ақпан күні «Неге маған жырламасқа , Сырда туған елімді» атты Тәжібаев оқулары байқауын өткізді.
Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу. Туған жерді, елді сүюге, ынтымақтастыққа дәріптеу. Ұлттық мәдени мұрамызды құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу. Ақын өлеңдеріндегі атамекен мен адамгершілік сезімдерін, жастық пен достық сырларын кеңінен саралау.
Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 9-10 сыныбынан іріктеліп барлығы 18 оқырман қатысты.
Байқау шарты бойынша жыр додасына қатысушы оқушылар «Аспанға ұшыра көр өлеңімді» бөлімінде өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, «Әр пьесасы бір әлем» бөлімінде пьесасының үзіндісінен сахнада өнерлерін, актерлық шеберліктерін көрсетті.
Шара барысында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Ә.Тәжібаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мадақтамалар мен сыйлықтар тапсырылды.

Реклама