Отбасым-бақыт мекенім

14 мамыр күні Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында 15 мамыр Халықаралық отбасылар күніне орай кітапханамыздың әдіскері Г.Саурықова «Отбасым-бақыт мекенім» атты сыр-сұхбат сағатын ұйымдастырды. Іс-шараға Ә.Мәлкеев атындағы «Білім Инновация лицейінің» 10 сынып оқушылары, мұғалімдері, кітапханашылар қатысты. Кітапханашы Г.Дүйсембинова шағын кітап көрмемен таныстырды. Іс-шараның мақсаты: балаларға отбасын құрметтеу, ата-анасын сыйлау керек екенін айта отырып отбасының маңыздылығын айтып өту «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Сол себепті отбасында бала тәрбиесі аса маңызды. Ата-ана ол біздің тірегіміз, біз олардың өсіріп отырған жемісіміз-деп өз ойын жеткізген 10-сынып оқушысы Жанәлі Бекнұр. Қазіргі заман талабына сай, тәртіпті де, білімді жас ұрпақты тәрбиелеуде әкенің тәрбиесі орасаң зор екені айтылды.