Туым — намыс, ұраным — бірлік, рәміздерім — мақтанышым

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы мерекеге орай Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының кітапханашылары ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында Абылай хан атындағы орта мектептің жанындағы лагерінде «Туым — намыс, ұраным — бірлік, рәміздерім — мақтанышым» атты танымдық сағат өткізді. Танымдық сағат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталды. Кітапханашылар М.Шаким мен Г.Дуйсембинова тәуелсіздік нышаныдары ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қадір – қасиеті туралы айта келіп, тәуелсіз еліміздің қасиетті белгілерін әрқайсымыз қадірлеп, қастерлеуіміз керек екенін айтты.

Реклама