Тұманбай Молдағалиевтің өмірі және қоғамдық қызметі

молдағалиевОл 1935 жылы 20 наурызда Алматы облы­сы­ның Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылын­да туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік универ­ситетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер болудан бастап, 1956-1959 жж. “Пионер” журналында әде­б­и қызметкер, 1959-1971 жж. “Жазушы” баспа­сында редактор, аға редактор болған. 1971-1973 жж. “Балдырған” журналында жауапты хатшы, 1973-1984 жж. “Жалын” альманахында бас ре­дак­тор, 1984-1986 жж. Қазақстан Жазушылар ода­ғы басқармасында хатшы болып қызмет жа­саған. Өмірінің соңына дейін “Балдырған” жур­на­лының бас редакторы болып жемісті еңбек етті.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы “Студент дәптері” деген атпен жарық көрген. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы оқырман қолына тиді. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар ақындарының өлеңдерін ана тілімізге сәтті аударды. 1968 жылы “Жаңа дәптер” жинағы үшін Республика комсомолы сыйлығының, 1982 жылы “Жүректегі жазулар” кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атан­ған. 1957 жылы “Тың жерді игергені үшін”, 1970 жылы “Еңбектегі ерлігі үшін” медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.

1992 жылы Бүкіл Түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы сыйлығына ие болды. Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы. «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері.

Нұрғиса Тілендиевтің, Шәмші Қалдаяқов­тың, Әсет Бейсеуовтің, басқа да танымал ком­позиторлардың “Құстар әні”, “Құстар қайтып келеді”, “Бақыт құшағында”, “Әнім сен едің”, “Шақырады көктем”, т.б. жүздеген әндерге өлең жазған. 2007 жылы «Құстар қайтып ба­ра­ды» атты ән текстерінің жинағы жарық көрді.

Ақынның қаламынан туған «Студент дәп­тері», «Кәмила», «Құралай», «Алатау қызы», «Зулайды күндер», «Жаңа дәптер», «Шақы­ра­ды жаз мені», «Қош, көктем», «Жүрек ояу қа­ш­анда», «Хаттар, хаттар», «Махаббат оты сөн­бейді», «Мен де жиырма жаста едім», «Құстар қайтып келеді», «Таудан түскен сәуле», «Жи­ырма бесінші көктем», «Жүректегі жазулар», «Тынық мұхит дәптері», «Сарыала күз келгенде», «Туған елім — тірегім», «Сағындырған көктемдер», «Шыңдағы гүлдер», «Қар жауып тұр», «Ұмытпа мені» сияқты жыр жинақтары – ондаған ғасырлық тарихы бар қазақ жырына олжа салған, оқырман қауымның жүрегіне жол тапқан, әдебиетіміздің алтын қазынасына ай­налған өлмес шығармалар. 2002 жылы жарық көрген ақынның 14 томдық шығармалар жи­нағы осы сөзіміздің айқын дәлелі.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s